Skip to content
Главная страница » Игі дәстүр, қайырлы істің бірі – ағаш отырғызу.

Игі дәстүр, қайырлы істің бірі – ағаш отырғызу.

  • Жетісу облысының “Ассамблея жастары” РҚБ өкілдігінің белсенділері Абай облысының қолдауымен 25 қазан-Республика күніне орай, Абай облысы, Семей қаласына барып, 200 түп қарағай отырғызып, экологиялық акция ұйымдастырып, өткізді.
  • «Таза орта» – экология мен қоршаған ортаны қорғау – «Ассамблея жастары» РҚБ негізгі бағыттарының бірі. Белсенділеріміз халқымыздың «Бір тал кессең, он тал ек» деп қоршаған ортаны қорғауға, табиғатқа деген қамқорлықты қалыптастыруға үлкен мән бергендіктерін айтып, егілген ағаштар халықтың игілігі үшін жасалып жатқандығын жеткізді.
  • Абай облысы «Ассамблея жастары» РҚБ егілген ағаштарға күтім жасауға уәде берді. Осындай бірлесіп, іске асырылған акция қоршаған ортаның көріктене түсуіне өзіндік үлес қосары анық.
  • Жетісу облысы «Ассамблея жастары» РҚБ белсенділері осынау игі іс жалғасын таба беретіндігін жеткізді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *