Skip to content
Главная страница » Медиация институтын дамыту бойынша семинар – тренинг өтті.

Медиация институтын дамыту бойынша семинар – тренинг өтті.

  • 2023 жылдың 16 қазанда Талдықорған қаласындағы Достық үйі ғимаратында Қазақстан халқы Ассамблеясының медиация институтын дамыту бойынша семинар – тренинг өтті.
    Аталған шараға этномәдени бірлестік төрағалары, мүшелері, белсенділері, Аналар кеңестері, «Ассамблея жастары» және аудан, қалалық, облыстық және республикалық медиаторлар қатысты.
  • Семинар – тренингте Республикалық медиация кеңесінің төрағасы Пулатов Шерзод Аббозович, Республикалық кәсіби медатор, «Парасат» медиация және құқық орталығы ЖМ тренері Адаев Мұхтар Мұханович «Этносаралық медиацияны жүргізу ерекшеліктері. Медиация сессиясындағы зерттеу кезеңі», психолог – шиеліеністанушы Баймухаметова Резеда Салимжановна «Тұлға психодиагностикасы» тақырыбында қатысушылармен дәріс өткізіп, тренингтер ұйымдастырды.
  • Тренинг барысында пікір, тәжірибе алмасу, туындаған дауларды шешудің мысалдары келтіріліп, шешудің заманауи әдістері көрсетілді, медиацияны қолданудағы негізгі түсіндіру жұмыстары жүргізілді және медиатор қызметінің маңызды аспектілері тізбектелді.

Пікір қалдырыңыз