2023 жылдың 18 қазанда Талдықорған қаласының Достық үйі ғимаратында «Мың бала» мәдени-ағартушылық жобасы аясында «Көркем ой. Көркем сөз.Көркем тіл» облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты: қазақ тілінің этносаралық қатынас тілі ретіндегі рөлін күшейту үшін этнос жастары арасында оның мәртебесі мен маңыздылығын арттыру; мемлекеттік тілді оқыту арқылы жастарды патриоттыққа тәрбиелеу.
Аталған байқауға «Өнер алды – қызыл тіл»,«Өнерлі өрге жүзер», «Жарқыра жас дарын» номинациялары бойынша
22 өнерлі жастар қатысты.
Әділ-қазылар алқасының шешімімен
📍 «Өнер алды қызыл тіл» номинациясында
Бас жүлде: Подгорнова Екатерина Анатольевна.
1-орын: Сёмкина Карина Владимировна.
2-орын: Махмуд Марлан Тулытемирханұлы.
3-орын: Коиков Багдан Сергеевич.
📍 «Жарқыра жас дарын» номинациясында
Бас жүлде: Тұрғанбай Саяна.
1-орын: Санбаева Евангелина.
2-орын: Рысбек Нұрай.
3-орын: Махмуд Марлан Тулытемирханұлы.
📍«Өнерлі өрге жүзер» номинациясында
Бас жүлде: Банахович Анастасия Денисовна.
1-орын: Парубец Андрей Игоревич.
2-орын: Адамова Яна.
Басқа да қатысушылылар дәрежелі орындар алып, ақшалай сертификаттар табыс етілді. Байқау соңы концерттік нөмермен жалғасын тапты.




