Үстіміздегі жылдың 13 ақпанда, Достық үйі ғимаратында «Этносаралық қатынастар және
этномәдени бірлестіктер жұмысының тиімділігін арттыру» саласындағы мәселелерге арналған Жетісу облысы
ҚХА мүшелері отырысы өтті.
Аталған отырыс барысында келесі сұрақтар талқыланды:
1. Жетілдіру тетіктерін қарастыру этносаралық қатынастарды реттеу тәсілдері, мемлекет қызметінің және Ассамблеяның қоғамдық органдары мен құрылымдарының тиімділігін арттыру;
2. Қаратал, Көксу, Панфилов және Алакөл аудандарында орта мектеп оқушыларымен көшпелі кездесулер өткізу үшін ҚХА мүшелері қатарынан ақпараттық-түсіндіру тобын құру туралы мәселені қарау;
3. Жетісу облысының ҚХА мүшелері А. С. Идиговпен, Б. Ш. Гусеновпен, Д. А. Дигаймен, В. Л. Лимен 1 наурыз – Алғыс айту күніне орайластырылған кездесулер мен сұхбаттар өткізу мәселесін талқылау (кесте, бағдарлама, сұрақтар және т. б. құрастыру);
4. ҚХА мүшелері мен Жетісу облысының ЭМБ төрағаларын 2024 жылға арналған Медиа-жоспармен таныстыру;
5. Этномәдени бірлестіктердің 2024 жылға арналған іс шаралар өткізу және олардың бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі белсенділігін арттыру жөніндегі жұмыс жоспарын талқылау;
6. 1 наурыз – Алғыс айту күнін және 22 наурыз – Ұлттық Наурыз мерекесін мерекелеуге дайындық бойынша бірқатар мәселелерді қарастыру;


