Бүгін жер жаннаты Жетісуда Талдықорғандықтар облыстық “Қоғамдық келісім” КММ мен облыстық “Орыс орталығы” ұйымдастырған «Достық шаңырағы» жобасы аясында «Құймақ» мерекесін тойлады. Дәстүрлі Масленица мерекесі-қысты шығарып салу, көктемді қарсы алуға арналған мереке.
Іс-шараға Талдықорған қаласының әкімі Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы, облыстық “Қоғамдық келісім” КММ-нің басшысы Руфина Қасымқызы Усанова, облыстық орыс орталығының төрағасы Лариса Леонидовна Котельникова, облысымыздағы Қазақстан халқы Ассамблеясы, этномәдени бірлестік мүшелері, жалпы қала тұрғындары, БАҚ өкілдері қатысты.
Салтанатты іс-шараны қала әкімі Ернат Дүйсенбекұлы ашып қатысушыларды мерекемен шын жүректен құттықтап, ізгі тілегін жолдап халықтың құрметіне бөленді. Береке-бірлігі, ынтымақ ырысы артқан қала жұртшылығы достық пен бауырмалдықтың, бейбіт күннің татулығын паш еткен бүгінгі мейрамның халық үшін берері мен берекесі қала жұртшылығы ерекше белсене қатысып отбасылық құндылық, қазақстандық болып ұйысудың ұлылығын танытып бірлесе ән салып, би билеп көтеріңкі көңіл күйде спорттық шаралардың көркін қыздырғандарынан ақ айшықталып тұрды.



