🔹«Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» ММ, «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Ортақ шаңырақ» жобасы аясында, «Өзіңді көрсет» облыстық үздік стартап – жобалар байқауы өтті.
🔹Байқаудың мақсаты: жастардың ғылымға деген қызығушылқтарын арттыру, жас ғалымдардың ғылыми-инновациялық қызметін жандандыру. Байқауға 16 мен 35 жас аралығындағы кез келген оқу орындарының білімгерлері және ғылыми зерттеу орталықтарының қызметкерлері қатысып, 30-ға жуық бизнес жоба ұсынылып, әділ-қазы құрамының сарапшылары мен қаламыздың жетекші кәсіпкерлері тарапынан қаралып, ұсынылды.
🔹Байқауға ұсынылған болашағы зор бизнес жобалардың ішінен жүлделі 3 орын алған «SmaRT FLOOR» жобасы – 40 000 тг. сертификатпен, 2 орын алған – «Разработка натуральной жевательной резинки: Dental Gum» жобасы – 70 000 тг. сертификатпен және жүлделі 1 орын иеленген «Электронды микроскоп» жобасы – 100 000 тг. сертификатпен марапатталды. Ал бәрінен озық шығып, инновациялық әдістер мен технологияларды қолданып, бас жүлде 150 000 тг. ақшалай сертификатқа ие болған, «Watery Absorbent» жобасы үздік деп танылды.
🔹Стартап жобалар байқауына қатысқан барлық қатысушыларға арнайы дайындалған статуэткалар мен смарт сағаттар табысталды. Жеңімпаздардың идеялары одан әрі іске асыру үшін кәсіпкер-инвесторларға ұсынылады.








