Skip to content
Главная страница » «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ»

«ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ»

📌16 сәуірде Жетісу облысы, Көксу ауданының «Биғайша Құндақбаева атындағы №1 орта мектебінде жастармен Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Спикерлер ретінде «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары, М.Омарова, «Нахичевань» әзірбайжан ұлттық-мәдени орталығының» төрағасы Ф.Магеррамов, Жетісу облысының Қоғамдық кеңесінің мүшесі, облыстық орыс орталығының төрағасы Л.Котельниковалар жастарға ұлттық құндылықтарды сақтауды, патриотизмдік сезімді қалыптастыру туралы баяндама жасады. Сондай-ақ, ҚХА-ның қызметімен, қоғамдық құрылымдарымен таныстырып, қазіргі таңда еліміздегі су тасқынынан зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіліп жатқандығы туралы және осындай қиын уақытта зардап шеккендерге көмектесудің маңыздылығы туралы айтылды.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *