Skip to content
Главная страница » Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді.

Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді.

🔹Бүгін 2024 жылғы 25 сәуірде Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жүректен жүрекке» республикалық акциясы аясында облыстық этномәдени бірлестік мүшелерінің қолдауымен су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға 90 тонна гуманитарлық көмек жөнелтті.

🔸Екі жүк көлігі тұрмыстық қажетті заттармен азық-түлікпен толтырылып, жолданды. Су тасқыны мен оның салдарымен күресу кезінде көмек ретінде резеңке аяқ-киімдер, жарықшамдар (фонарь), жатын шатырлар жіберілді.

🔹Гуманитарлық көмекті жинауға ҚХА облыстық этномәдени бірлестік төрағалары және мүшелері, кәсіпкерлер қауымдастығы, еріктілер және Ассамблея жастары белсене қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *