1-мамыр Қазақстан халқының барлық этнос өкілдерінің достық және келісім мерекесі, патриотизм, елге және халыққа деген адалдық мерекесі. Ол 1996 жылы тойлана бастады және осы дәстүрді бүгінгі күнге дейін сақтап келеді.
🔸Осыған орай қала әкімдігі, «Қоғамдық келісім» КММ «Қоғамдық даму басқармасы» және облыстық спорт басқармасы ұйымдастыруымен «Жастар» саябағында концерттік бағдарлама мен өңіріміздің этномәдени бірлестіктерінің ұлттық тағамдары мен көрмесі және спорттық ойындар ұйымдастырылды.
🔹Сондай – ақ су тасқынынан зардап шеккендерге көмек қолын созуға арналған «Береке – Бірлікте» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Мерекелік шараның құрметті қонағы болып Жетісу облысының әкімі Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы және қаламыздың әкімі Бәзіл Ернат Дүйсенбекұлы құттықтау сөздерін айтып кетті.






