Skip to content
Главная страница » «ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ»

«ӘСКЕРГЕ БАРУ – АЗАМАТТЫҚ БОРЫШЫҢ»

7 мамыр – Отанымыздың шекарасын күзетіп, бейбітшілігі бұзылмауына, тәуелсіздігі мәңгілікке жалғасуына үлес қосқан ардагерлердің, олардың ізін жалғаған жаужүрек ұлдардың, абыройы асқақ азаматтардың мерекесі.

Осы мерекеге орай, өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ белсенділері 5514 әскери бөлімінің қолдауымен, қару-жарақ пен әскери техниканы көру, кинологиялық қызмет мамандарының қызметтік иттерімен көрнекі сөйлеуі, жеке құрамның қоян-қолтық түрлерін көру, казармаларды көру, әскери қызметшілердің тұрмысымен танысу, сарбаз ботқасын жеп, асханамен танысу сияқты әскери өмірімен танысты және ауған және Тәжік-Ауған соғысының ардагерлерімен әңгімелесіп, көкейлерінде тұрған сұрақтарын қойды. Әскери саланың ардагерлерімен жүздестіріп, олардың өмір жолы мен ерлік жолдарын сол жас буынға үлгі ету өте маңызды болды.

Шара азаматтарды, оның ішінде этнос өкілдері жастарын ҚР Қарулы Күштеріндегі әскери қызметке тарту бойынша, жастарды патриоттыққа, толеранттылыққа және интернационализмдік сезімге тәрбиелеу мақсатында ақпараттық – түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *