Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алып, Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгер қазақстандықтарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Және Жеңіс күні қарсаңында Ассамблея өкілдері Ұлы Отан соғысының ардагерлерін мерекемен құттықтады!
🔸Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Руфина Усанова Талдықорған қаласында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйіне барды. Азық-түлік салынған себетті табыстап, аталарымыздың ақ батасын алып, мерекемен құттықтап, зор денсаулық пен бақыт тілеп, өмір жолдары мен соғыс кезіндегі қызықтарын тыңдады.
🔹Руфина Усанова 9 мамыр майдангерлер мен тыл еңбеккерлерінің тарихи ерлігі үшін мақтаныш пен шынайы құрмет көрсететін мереке болып қала беретінін атап өтті.


