Ү.ж 30 мамырда, Талдықорған қаласында, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік – дамудың негізі» тақырыбында III-ші облыстық сессиясы өтті.
Сессия жұмысына облыс әкімі Бейбіт Исабаев, этномәдени және қоғамдық бірлестіктердің жетекшілері, ҚХА мүшелері мен жастар қанаты қатысты.
🔶ҚХА-ның 2025 жылы аталып өтетін 30 жылдығы аясында биылғы күзде Талдықорғанда «Достық аллеясы» пайда болады.
🔷Сессия барысында, Жетісу облысы әкімі Исабаев Бейбіт Өксікбайұлы, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне және елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқан, қазақстандық патриотизм мен ұлттық бірегейлік сезімін нығайта отырып, еліміздің өсуі мен өркендеуіне, өңіріміздің дамуы мен қалыптасуына үлес қосқан азаматтарды марапаттады.







