Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, Жетісу облысының аумағында есірткінің заңсыз айналым желісі бойынша жастармен жиын болып өтті. Жиынға әр өңірден жиналған «Ассамблея жастары» РҚБ белсенділері жиналды. Жетісу облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция подполковнигі Искакова Меруерт Сеитовна жастарға облысымызда нашақорлыққа қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырып өтті.
Шараның мақсаты – есірткіге қатысты проблемалар және есірткіні қолданудың алдын алу.
Арнайы бейнебаян мен жинақтаған материалдарымен бөліскен, көкейдегі сұрақтарға жауап табылған басқосу болды.



