Skip to content
Главная страница » Дөңгелек үстел: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Дөңгелек үстел: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

🔹Бүгін Достық үйінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелерін БАҚ-та жариялау ерекшеліктері» атты тақырыпта кездесу ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел сыбайлас жемқорлық әрекеттерін алдын алу және ескерту мақсатында өткізілді.

🔹Арнайы шақырылған спикерлер: Жетісу телеарнасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері Абдрахманов Талгат Ахметович пен «Вестник Жетісу» газетінің бас редакторы Хасан Еспанов өздерінің баяндамаларын оқыды.

🔹Дөңгелек үстелдің тыңдаушылары – этномәденибірлестік төрағалары, журналистер мен өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ белсенділері. Жастар тарапынан өзекті сұрақтар қойылды. Ең көп қызығушылық туғызған сұрақтар сыбайлас жемқорлық үшін заңдық жауапкершілік негізі, мемлекеттік мекемелерде жемқорлықтың алдын – алу, профилактика шараларын ұйымдастыру.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *