2024 жылдың 8 тамыз күні сағат 10.00–де Талдықорған қаласы Достық үйінде Жетісу облыстық қоғамдық даму басқармасы, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және облыстық Ақсақалдар кеңесінің ұйымдастыруымен өзге ұлт өкілдерінің арасында Қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» тақырыбындағы рухани іс-шара өтті.
Байқаудың мақсаты: қазақ халқының ұлы ақыны, кемеңгер ұстазы, туған елінің мың жылдық мұңын шерткен Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін дәріптеу. Рухани іс-шараға 13 жастан 70 жасқа дейінгі барлығы 12 өнерпаз қатысып, өз өнерлерін ортаға салды.




