Ағымдағы жылдың 15 тамыз күні Талдықорған қаласы, «Медан» футбол алаңында «Қоғамдық даму басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Кеңес әскерінің ауған жерінен шығарылғанына 35 жыл толуына орай Ауған соғысының ардагерлерімен этномәдени бірлестік өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан халқы Ассамблеясының кубогы» үшін шағын футболдан спорттық турнирі өтті. Турнирге 8 адамнан тұратын 16 команда қатысты.
Турнир жеңімпаздарына кубоктар, медальдар, дипломдар және ақшалай сертификаттар берілді:
50 жастан жоғары аралықта:
- І орын 80 мың теңге – «СКА – АНК» командасы
- ІІ орын 60 мың теңге – «Облакимат» командасы
- ІІІ орын 40 мың теңге – «1С Жетысу» командасы
25 жастан жоғары аралықта:
- І орын 80 мың теңге – «Достар» командасы
- ІІ орын 60 мың теңге – «Ярыш» командасы
- ІІІ орын 40 мың теңге – «Болашақ» командасы
Жақсы ойын және жеңіске деген ерік-жігері үшін ынталандыру сыйлықтарын номинациялар бойынша командалардың ойыншылары қосымша марапатталды (үздік қақпашы, үздік шабуылшы, үздік қорғаушы, үздік капитан).




