Ағымдағы жылдың 5–7 қыркүйек күндері Ескелді ауданының аумағында орналасқан «Бұрхан–бұлақ» демалыс аймағында «Достық мекені» жазғы лагері өтті. Лагерьге Астана, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Павлодар, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау облыстары мен Алматы қаласынан Ассамблея жастарының өкілдері қатысты. Лагерьдің мақсаты жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, қазақ тілі мен салт – дәстүрді насихаттау, шеберлік сыныптарын өткізу және еркін пікір алмасу диалогтік алаңдар құру.
Шараға қоғамдық жұмыстарды үйлестіруде қабілеті бар спикерлер: «Ассамблея жастары» мүшесі, «Setanta Qazaqstan» телеарнасының спорттық бағдарламаларының жүргізушісі, редактор/аудармашы, блогер, «Сөйле» клубының жаттықтырушысы Нұғұманова Анастасия, белсенді волонтер, Солтүстік Қазақстан облысының Ұлттық еріктілер желісінің елшісі, көптеген іс-шаралардың бастамашысы, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына, қалалық, облыстық, республикалық іс-шараларға ат салысып жүрген Дариға Өмірқызы Смайылова жастарға идеологиялық қызметтерді насихаттап, семинар – тренинг және экологиялық акцияларды өткізіп, кешкі уақытта тәрбиелік мәні зор кинолар көрсетіледі.



