🌿 ТАБИҒАТҚА ҚАМҚОРЛЫҚ – БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ
📍 27 маусым 2025 жылы Қызыл тас саяжайы маңындағы «Тасбақа» тауы аумағында «Вандализмге жол жоқ»атты экологиялық бағыттағы кең ауқымды тазалық акциясы өтті.
Бұл шараның мақсаты – табиғи мұраларымызды сақтау, вандализм әрекеттерінің алдын алу және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
🔹 27 маусым күні ұйымдастырушылар мен еріктілер тобы Тасбақа тауына арнайы барып, тастардың бетіне түсірілген бояулар мен жазуларды экологиялық қауіпсіз әдістермен тазалады. Тауға түсірілген граффити, жазулар және суреттер – табиғи ландшафттың көркін бұзып, қоршаған ортаға зиян келтіріп отырған.
🔸 Іс-шара барысында:
– Вандалдық іздер табиғатқа зиян келтірмейтін экологиялық құралдармен өшірілді
– Жергілікті тұрғындар мен туристерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді
– Табиғатқа құрметпен қарау және тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау қажеттілігі туралы ақпарат берілді