‼️«Салауатты сана» жобасы аясында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қоғамда парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында тұрғындарға сыбайлас жемқорлықтың зияны, оның құқықтық салдары және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жолдары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Сонымен қатар, тұрғындар мен жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейту мақсатында арнайы дайындалған флаерлар таратылып, арнайы стендтер мен тақтайшаларға жапсырылды.
Аталған шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен көзқарасты қалыптастыруға, сондай-ақ әділдік, адалдық және ашықтық қағидаттарын насихаттауға бағытталды.