Тарихымызға үңілсек, алғаш рет Республика күні мемлекеттік мереке болып 1995 жылы жарияланды. 25 қазан Республика күні болып кездейсоқ таңдалған жоқ. 1990 жылдың дәл осы күні Қазақ Кеңестік социалистік республикасының Жоғары кеңесінің жарлығымен егемендік туралы Декларациясы қабылданды. Егеменді мемлекеттіліктің іргелі қағидаттары ретінде Қазақстанның жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі, мемлекеттік рәміздері бекітілді. 2009 жылы аталған заңға өзгерістер еңгізіліп, Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды. Он үш жылдан кейін, бұл күн мемлекеттік мерекелер қатарынан қайтадан өзінің тиісті орнын алды.
🇰🇿 Қазақстан Республикасы күні бізді елдігімізді нығайтуға, тәуелсіздікті қастерлеуге, ұлттық бірлік пен тұрақтылықты сақтауға шақырады.
🔆 Баршаңызды бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміз аман, халқымыз тыныш болсын! Қазақстан Республикасының гүлденуі жолында бірге еңбек етіп, жарқын болашаққа жетуге нық сеніммен алға қадам басайық!
Қазақстан Республикасының күні құтты болсын!




