Skip to content
Главная страница » 📌 «ҚХА 30 жыл – 30 игі іс» акциясы жалғасуда…

📌 «ҚХА 30 жыл – 30 игі іс» акциясы жалғасуда…

📌 «ҚХА 30 жыл – 30 игі іс» акциясы жалғасуда

2025 жылғы 23 шілде күні Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орайластырылған «ҚХА 30 жыл – 30 игі іс» жалпыұлттық акциясы аясында «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен қайырымдылық шарасы өткізілді.

Шараның басты мақсаты – елдегі қоғамдық келісімді, бірлік пен өзара түсіністікті нығайту, сондай-ақ әлеуметтік осал топтарға қолдау көрсету арқылы Ассамблеяның адамгершілік қағидаттарын нақты іспен көрсету.

🔹 Акция аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы және ерекше қажеттіліктері бар балалары бар 5 отбасыға азық-түлік түрінде қайырымдылық көмек көрсетілді.

Қайырымдылық шарасы арқылы Ассамблея тек мерейтойын атап өтіп қана қоймай, өзінің басты миссиясы – халықтар арасындағы татулықты сақтаумен қатар, қоғамдағы әлсіз топтарға қолдау көрсетуді басты міндет санайтынын тағы бір дәлелдеді.

🌿 Іс-шара барысында әр отбасыға күнделікті тұрмысқа қажетті негізгі азық-түлік жиынтығы табысталып, алғыс білдірілді.

🔹 Бұл бастама «Қоғамдық келісім» КММ тарапынан жүзеге асырылып жатқан 30 нақты игі істің бірі болып табылады және мұндай қайырымдылық шаралары жыл соңына дейін жалғасын табатын болады.

Пікір қалдырыңыз