Skip to content
Главная страница » ✨ Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі ✨ Мереке қарсаңында қала тұрғындарына…

✨ Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі ✨ Мереке қарсаңында қала тұрғындарына…

✨ Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі ✨

Мереке қарсаңында қала тұрғындарына тілге деген сүйіспеншілікті ерекше форматта жеткізу мақсатында «Жастар» мәдениет және демалыс саябағында «Сүйікті сөзім» атты арт-стенд орнатылды.

📖 Бұл шығармашылық алаңшада тұрғындар жүректеріне жақын, мағынасы терең, ұлттық немесе жеке мәнге ие сүйікті сөздерін жазып қалдырды. Әсемдігі мен тереңдігімен ерекшеленген ана тіліміздегі сөздермен қатар, түрлі тілдердегі ұнамды сөздер де орын алды.

🤝 Жасөспірімдерден бастап ардагерлерге дейінгі әртүрлі жастағы қала тұрғындары шараға белсенді қатысып, өздерінің таңдаулы сөздерін қалдырып, көпұлтты еліміздің тілдік байлығына деген құрметін паш етті.
🌍 Әрбір сөз – халықтың тарихы, мәдениеті мен дүниетанымынан сыр шертетін асыл қазына. Сол себепті тілге деген құрмет – болашаққа деген құрмет!
💫 Бізді біріктіретін ортақ құндылық – татулық пен сыйластық. Осындай игі шаралар арқылы тілдеріміздің байлығы жас ұрпаққа насихатталып, рухани бірлігіміз нығая бермек.
#ТілдерКүні #МеніңсүйіктіСөзім

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *