С. Мұратбеков атындағы №9 мектебінің оқушылары үшін маңызы зор, өнегелі іс-шара өтті. Мектеп қабырғасында ұйымдастырылған «Адал Азамат» тақырыбындағы тәрбиелік кездесу жас ұрпақтың бойына адалдық, жауапкершілік және отансүйгіштік құндылықтарын сіңіруге бағытталды. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларына адалдықтың тек жеке қасиет қана емес, сонымен қатар, қоғамдағы әрбір азаматтың басты парызы екенін ұғындыру болды. Осындай кездесулердің арқасында оқушылар болашаққа нық қадам басуға мотивация алып, өмірлік дұрыс бағыт-бағдар алады.

Кездесуге арнайы шақырылған қонақ – ҚР қоғам қайраткері, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ақын-жазушы, Жетісу облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі, «Қоғамдық келісім» орталығы директорының кеңесшісі Құрметбек Сансызбайұлының қатысуы іс-шараның құндылығын арттыра түсті. Құрметбек Сансызбайұлы өз сөзінде адалдық пен еңбекқорлықтың табысқа жетудегі рөлін айта отырып, жеке тәжірибесімен бөлісті. Мұндай тәжірибелі тұлғамен тілдесу оқушылар үшін үлкен пайда: олар тікелей өмірден алынған өнегелі әңгімелерді тыңдап, сұрақтарына жауап алады. Бұл тәрбиелік сағаттың маңыздылығы сол – ол жастарды патриоттық сезімге баулып, оларды елдің және қоғамның дамуына өз үлесін қосатын саналы азаматтар болып қалыптасуға ынталандырады.

