Skip to content
Главная страница » «Жеңіс бірлікте!» Жобасы Аясындағы Шабыттандыратын Кездесу

«Жеңіс бірлікте!» Жобасы Аясындағы Шабыттандыратын Кездесу

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жеңіс бірлікте» республикалық қоғамдық жобасы аясында «Ассамблея жастарының» қатысуымен ерекше әрі мазмұнды іс-шара өтті. Бұл кездесу ашық диалогтік алаң форматында ұйымдастырылып, жастардың рухын көтеретін маңызды әңгімелерге арқау болды.

Шараның құрметті қонағы – облыстық «Үстел теннисі» орталығының директоры, шинкиокушинкай каратэден халықаралық дәрежедегі спорт шебері Суюнов Мерей Иембергенұлы болды.

Кездесудің негізгі мақсаты: Жастарды еңбекқорлыққа, бірлікке және белсенді азаматтық ұстанымға шақыру арқылы олардың тұлғалық дамуына серпін беру.

Мерей Иембергенұлы жастармен ашық әңгіме өрбіте отырып, өзінің өмір жолы, спорттағы жетістіктері және кез келген салада табысқа жетудің басты қағидалары туралы баяндады. Ол жас буынды еңбекқорлыққа, рухани тәрбиеге және бірлікке шақырды

Қатысушылар іс-шара барысында еркін пікір алмасып, қызықты сұрақтар қойып, спорт шеберінен пайдалы мотивациялық кеңестер алды. Мұндай кездесулер жастардың тұлғалық дамуына, азаматтық ұстанымының қалыптасуына және ел бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. «Ассамблея жастары» бұл дәстүрді жалғастыра береді.

Пікір қалдырыңыз

Электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер *