
“Жастар” спорт сарайының үстел теннисі орталығында Қазақстан халқы Ассамблеясының (ҚХА) “Жеңіс бірлікте” атты қоғамдық жобасы аясында ерекше спорттық шара өтті. Бұл жарыс жастар арасындағы бірлік пен сергектікті нығайтуға бағытталған.
Іс-шараны “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Жарысқа Ассамблеяның жас мүшелері мен өңірдің белсенді жастары қатысты.
Турнир сағат 14:30-да басталып, қатысушылар тек өз спорттық шеберліктерін көрсетіп қана қоймай, тәжірибе алмасып, достық қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік алды.

Шараның басты мақсаты: жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ тәртіпті, жан-жақты дамыған белсенді жастарды қалыптастыру. Үстел теннисі бойынша өткен тартысты ойындар қатысушылардың дайындық деңгейін, жылдамдығы мен шеберлігін айқын көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер
Тартысты өткен сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды:
| Категория | I Орын | II Орын | III Орын |
| Қыздар арасында | Ербосын Еркежан (ДШҚ 115) | Ерланқызы Мадина (ҚБҚ111) | Абен Маржан (ЖУ колледжі) |
| Жігіттер арасында | Дәулет Ақат (Дшқ -112) | Мұқаш Бекзат (Дшқ-113) | Сапатай Әрсен (ПДР -411) |

