Қазақстандағы «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» Республикалық акциясы аясында Д. Рақышев атындағы мектеп-интернатында оқушыларға арналған тәрбиелік-профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.


Шараға құрметті қонақтар ретінде:
- Жетісу облыстық Аналар кеңесінің төрағасы Баймадиева Жамал Қасымбекқызы;
- Талдықорған қалалық полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімшесінің бастығы, полиция подполковнигі Нұрлыбекова Қарақат Дәулетқызы қатысты.
Кездесу барысында спикерлер жасөспірімдер арасында адам құқығын қорғау, агрессияның алдын алу, өзара сыйластық пен жауапкершілік туралы маңызды ақпараттармен бөлісті. Оқушыларға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның ауыр салдары және қауіп төнген жағдайда қайда жүгіну керектігі жан-жақты түсіндірілді.


Бұл кездесу мектеп оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыруға және зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.
