Skip to content
Главная страница » «Жеңіс бірлікте»: Спорт этномәдени бірлестіктер жастарын біріктірді

«Жеңіс бірлікте»: Спорт этномәдени бірлестіктер жастарын біріктірді

Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жеңіс бірлікте» қоғамдық жобасы аясында этномәдени бірлестіктер жастары арасында спорттық жарыстар өтті. Бұл шара тек спорттық сайыс қана емес, сонымен қатар достық пен ынтымақтастықтың жарқын үлгісіне айналды.

Намыс пен жігер сыналған сәт

Ойындар 5 кезеңнен тұрып, қатысушылар спорттың әр түрінен жоғары дайындықтары мен жеңіске деген ерік-жігерлерін көрсетті. Жарысқа жалпы саны 9 команда қатысып, тартысты дода көрсетті.

Жарыс қорытындысы:

Сайыс нәтижесі бойынша үздік шыққан ұжымдар:

I орын — «Русский центр» командасы

II орын — «Zhansugurov college» командасы

III орын — «Дене шынықтыру және өнер факультеті» командасы

    Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз! Спорт пен бірлік — біздің басты құндылықтарымыз!

    Пікір қалдырыңыз