Skip to content
Главная страница » Жетісуда медиация саласындағы үшжақты меморандумға қол қойылды

Жетісуда медиация саласындағы үшжақты меморандумға қол қойылды

Талдықорған қаласының Достық үйінде Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) жанындағы Этномедиация кеңесінің қорытынды отырысы өтті. Жиынның басты нәтижесі — азаматтардың құқығын қорғау мен аймақтағы бірлікті нығайтуға бағытталған маңызды келісім болды.

Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Еркебұлан Ешмұхамбетұлы Ақболатов модераторлық етіп, кеңес жұмысын қорытындылады.

Ынтымақтастықтың жаңа белесі

Отырыс аясында үш маңызды құрылым арасында өзара ынтымақтастық туралы Келісімге (Меморандумға) қол қойылды:

  1. «Қоғамдық келісім» КММ;
  2. Жетісу облысының Нотариалдық палатасы (төрағасы Арман Сейтжапарұлы Бекішбаев);
  3. Талдықорған құқық қорғау орталығы (басшысы Виктор Викторович Тен).

«Елдесу және татуласу» жобасы

Бұл меморандум республикалық «Елдесу және татуласу» жобасын іске асыру аясында серіктестікті дамытуға бағытталған. Құжаттың негізгі мақсаттары:

  • Дауларды соттан тыс шешу тетіктерін дамыту.
  • Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту.
  • Қоғамдағы құқықтық тәртіп деңгейін арттыру.
  • Әлеуметтік шиеленістердің алдын алу және қоғамдық келісімді нығайту.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы этносаралық татулықты, қоғамдық тұрақтылық пен ұлттық бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқаруды жалғастыруда. Бұл меморандум заңгерлер, құқық қорғаушылар мен медиаторлардың күшін біріктіріп, ортақ мақсат жолында тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді», — деп атап өтті қатысушылар.

Этномедиация кеңесінің жылдық жұмысын түйіндеген бұл жиын татуластыру институттарының қазақстандық қоғамдағы маңызы зор екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Пікір қалдырыңыз