2026 жылғы 13 қаңтарда Жаркент жоғары педагогикалық колледжінде Жетісу облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен түсірілген «Оқылмаған хаттар» көркем фильмінің көрсетілімі өтті.


Іс-шараға Аналар мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, аудандық құрылым өкілдері, ұстаздар мен оқушылар қатысты.



Көрсетілімнен кейін «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Е. Ақболатов, Ұйғыр ЭМО төрағасы А. Гаитов және Славян ЭМО төрағасы А. Коробова фильмнің ел бірлігін, ұрпақтар сабақтастығы мен этносаралық татулықты нығайтудағы маңызын атап өтті.
Карина Есенбек
