Талдықорған қаласында «Ортақ шаңырақ» жобасы аясында ұйымдастырылған «Нұрлы Наурыз» мерекелік іс-шарасы кең көлемде, жоғары деңгейде аталып өтті. Бұл күн өңір тұрғындарын бірлік пен татулық аясында біріктірген айтулы мерекеге айналды.
«Жастар» мәдениет және демалыс саябағында өткен шара барысында өңірдегі түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті мен дәстүрі кеңінен насихатталып, қоғамдық келісім мен татулықтың тамыры тереңдей түсті. Этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысуымен өткен жиын достық пен өзара сыйластықтың жарқын көрінісін паш етті.
Мерекелік бағдарлама аясында қала тұрғындары мен қонақтарына түрлі мәдени-танымдық алаңдар ұсынылды:
Ұлттық құндылықтар: Саябақ ішінде ұлттық нақышта безендірілген қазақ үйлер тігілді.
Дәстүрлі дәм: Келген қонақтардың барлығына ұлыстың ұлы асы – Наурыз көже ұсынылды.
Ойын-сауық: Көпшілік ұлттық ойындарға қатысып, шығармашылық алаңдардың жұмысын тамашалады.
Наурыз – жаңару мен бірліктің мерекесі! Бұл іс-шара әрбір қатысушыға ерекше көңіл-күй сыйлап, еліміздегі ынтымақтың маңыздылығын тағы бір мәрте дәлелдеді.