Skip to content
Главная страница » «Жүрек жылуы» атты мерекелік іс-шара

«Жүрек жылуы» атты мерекелік іс-шара

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Жүрек жылуы» атты мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті.

Шараның басты мақсаты – балаларға қуаныш сыйлау, олардың шығармашылық қабілетін қолдау, қоғамға бейімделуіне ықпал ету және мейірім мен қамқорлықтың шынайы үлгісін көрсету болды.

Мерекелік бағдарлама барысында балалар әсерлі концерттік бағдарламаны тамашалап, анимациялық шоуға қатысып, қуыршақ театры, флешмоб, фотобудка, аквагрим және түрлі ойын-сауық алаңдарында көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Әр балаға арнайы сыйлықтар табысталып, ұмытылмас сәттер сыйланды.

«Жүрек жылуы» – бұл жай ғана мерекелік шара емес, бұл – балалардың жүрегіне жылулық ұялатқан, мейірім мен шаттыққа толы ерекше күн болды. Іс-шараға қатысқан 80 балаға жарқын эмоция, қуаныш пен бақыт сыйланды.

Пікір қалдырыңыз