Бүгін Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің төрағаларының қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына Игенбай Айдос Назкенұлының тағайындалуы таныстырылды.
Сондай-ақ жиында «Халық кеңесінің» қызметі, оның негізгі міндеттері мен алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстары талқыланды. Қатысушылар қоғамдық келісімді нығайту, этносаралық татулық пен бірлікті сақтау бағытындағы бастамалар жөнінде пікір алмасты.
