Skip to content
Главная страница » 🎭✨ Жетісу облысында Славян жазуы мен мәдениеті фестивалінің Гала-концерті өтті!

🎭✨ Жетісу облысында Славян жазуы мен мәдениеті фестивалінің Гала-концерті өтті!

20 маусым 2026 жылы Текелі қаласының Мәдениет үйінде Жетісу облысының Славян жазуы мен мәдениеті фестивалінің қорытынды Гала-концерті өтті.

Шараны «Өңірлік славян қозғалысы» қоғамдық бірлестігі және Қазақстандағы орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығының заңды тұлғалар бірлестігінің Жетісу филиалы ұйымдастырды.

Мерекелік кешке облыстың әр өңірінен келген шығармашылық ұжымдар қатысты. Көрермендер назарына «Сударушка», «Зарянка», «Калинка», «Рябинушка», «Веснушки» ансамбльдері, «Өрнек», «Шырайлым», «Забияки» би ұжымдары және басқа да өнерпаздардың өнері ұсынылды.

Гала-концерт барысында «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Нұртаев Дәурен Нұртайұлы құттықтау сөз сөйлеп, халықтар арасындағы достық пен мәдени бірліктің маңызын атап өтті.

Шара рухани келісім, татулық пен өнер мерекесіне айналды. Фестиваль қорытындысы бойынша қатысушылар дипломдар мен естелік сыйлықтармен марапатталды. 🌸🎶

Пікір қалдырыңыз