
2026 жылғы 12 тамызда Triumph Bowling ғимаратында Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында, «Қоғамдық келісім» КММ мен «Жетісу жастары ұйымының Конгресі» ЖҚБ-ның бірлескен ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктер арасында боулингтен спорттық жарыс өтті.
Жарыс барысында қатысушылар өзара командалық рух пен белсенділіктерін көрсетіп, тартысты бәсекеге бақ сынады. Спорттық сайыс қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, түрлі этнос өкілдерінің өзара жақындығы мен ынтымақтастығын арттыруға мүмкіндік берді.
Мұндай спорттық және мәдени іс-шаралар қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтып, жастар арасында достық пен өзара құрмет құндылықтарын қалыптастыруға ықпал етеді.
