
«Талдықорған қаласының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде «Елдесу және татуласу» республикалық жобасы аясында «Қоғамдық көліктегі жанжалдардың алдын алу: қарым-қатынас мәдениеті, жауапкершілік және жолаушылар мен жүргізушілер үшін қолайлы орта қалыптастыру» тақырыбында ақпараттық-түсіндірмелі кездесу өтті.
Іс-шараның мақсаты – қоғамдық көліктегі жанжалдардың алдын алу, жүргізушілер мен жолаушылар арасындағы өзара сыйластықты нығайту, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық келісім құндылықтарын дәріптеу.
Кездесуге жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік ұйымдарының өкілдері қатысып, жүргізушілер мен жолаушылар арасындағы өзекті мәселелер, қоғамдық көліктегі тәртіп, шағымдардың алдын алу және жанжалдарды азайту жолдарын талқылады.