Skip to content
Главная страница » Медиация – бейбіт шешімге бастар жол 🤝

Медиация – бейбіт шешімге бастар жол 🤝

2026 жылғы 21 тамызда Талдықорған қаласындағы Достық үйінде медиация бойынша Ашық есік күні өтті.

Іс-шара барысында тұрғындар өздерін толғандырған құқықтық және даулы мәселелер бойынша мамандарға сұрақ қойып, толыққанды жауаптар алды.

Кездесуге:
🔹 «Талдықорған құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің директоры, кәсіби заңгер-құқық қорғаушы, сертификатталған медиатор, Жетісу облысының Медиация кеңесі төрағасының орынбасары Виктор Викторович Тен;
🔹 Жетісу облысы заң консультанттары палатасының заңгер-консультанты, Жетісу облысы Медиация кеңесінің мүшесі Омашев Диас Талғатұлы қатысты.

Кездесу барысында қатысушыларға медиацияның мүмкіндіктері, медиаторға жүгіну тәртібі және даулы әрі жанжалды жағдайларды келісім арқылы шешу жолдары түсіндірілді.

Ашық диалог форматында өткен іс-шара тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өзара түсіністік пен келісім мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.

Медиация – дауласудың емес, келісімге келудің жолы! 🤝

Пікір қалдырыңыз