Skip to content
Главная страница » Жетісу облысында этномәдени бірлестіктердің трансформациясына арналған тәжірибелік семинар өтті

Жетісу облысында этномәдени бірлестіктердің трансформациясына арналған тәжірибелік семинар өтті

Жетісу облысында «Этномәдени бірлестіктердің трансформациясы: жаңа міндеттер, жаңа мүмкіндіктер» тақырыбында екі күндік тәжірибелік семинар өтті. Іс-шараны «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырып, оған облыстағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, сарапшылар және қоғамдық келісім саласының мамандары қатысты.

Семинардың негізгі мақсаты – этномәдени бірлестіктердің қызметін заман талабына сай дамыту, қоғамдық келісім мен этносаралық татулықты нығайту, жастармен жұмысты жандандыру және жаңа жобаларды іске асырудың тиімді тетіктерін талқылау.

Семинардың ашылуында қатысушыларды «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Игенбай Айдос Назкенұлы құттықтап, бүгінгі таңда этномәдени бірлестіктердің қоғамдағы рөлін арттырудың маңыздылығына тоқталды.

Бағдарлама аясында тәжірибе алмасу алаңдары, практикалық сабақтар және өзекті тақырыптар бойынша кездесулер ұйымдастырылды.

Пікір қалдырыңыз