Ағымдағы жылдың 27 қарашада «Ортақ шаңырақ» жобасы аясында Достық үйінің 15 жылдығына арналған «Ұлттық киім – ұлттың көркі» акциясы өтті. Акция барысында халық өнері мен мұрасын, дәстүрлі дүниетанымын дәріптейтін қазақ, орыс, ұйғыр, корей, татар, неміс, шешен-ингуш, украин, өзбек, әзірбайжан, түрік, поляк, болгар, дунган, еврей, грек және беларус этнос өкілдерінің ұлттық киімдері көрсетілді.
Көрмеге республика, облыс өкілдері, басқармалардың, коммуналдық мемлекеттік мекемелердің басшылары, құрметті өкілдер, зиялы қауым өкілдері, ауданның, қаланың ішкі саясат бөлімдерінің басшылары, ақсақалдар кеңесі, Аналар кеңесі, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты.






