Skip to content
Главная страница » Жетісу облысындағы «Қоғамдық келісім» мекемесіне жаңа басшы тағайындалды

Жетісу облысындағы «Қоғамдық келісім» мекемесіне жаңа басшы тағайындалды

Біліктілігі мен еңбек жолы

Айдос Назкенұлы – өз ісінің кәсіби маманы, ғылыми-педагогикалық және мемлекеттік қызметте мол тәжірибе жинақтаған тұлға.

  • Білімі: 2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Әлеуметтану ғылымдарының магистірі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
  • Еңбек жолы:
    • І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы;
    • «Алматы облысының Дін істері басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ директорының м.а.;
    • «Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ «Талдау және болжау орталығы» КММ басшысы;
    • Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінде Этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы;
    • Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінде жауапты қызметтер атқарған.

Республикалық және өңірлік деңгейдегі мол тәжірибесі мен біліктілігі Айдос Назкенұлына аймақтағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтуға және институционалдық жұмыстарды жандандыруға зор үлес қосуға мүмкіндік береді.

Пікір қалдырыңыз