
Біліктілігі мен еңбек жолы
Айдос Назкенұлы – өз ісінің кәсіби маманы, ғылыми-педагогикалық және мемлекеттік қызметте мол тәжірибе жинақтаған тұлға.
- Білімі: 2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Әлеуметтану ғылымдарының магистірі» мамандығы бойынша тәмамдаған.
- Еңбек жолы:
- І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы;
- «Алматы облысының Дін істері басқармасы» ММ «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ директорының м.а.;
- «Алматы облысының Ішкі саясат басқармасы» ММ «Талдау және болжау орталығы» КММ басшысы;
- Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінде Этномәдени бірлестіктермен өзара іс-қимыл басқармасының басшысы;
- Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінде жауапты қызметтер атқарған.
Республикалық және өңірлік деңгейдегі мол тәжірибесі мен біліктілігі Айдос Назкенұлына аймақтағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты одан әрі нығайтуға және институционалдық жұмыстарды жандандыруға зор үлес қосуға мүмкіндік береді.
