Skip to content
Главная страница » Бірлік пен тапқырлық сынағы: Жетісуда «ЭТНО-QUEST» жобасы мәресіне жетті

Бірлік пен тапқырлық сынағы: Жетісуда «ЭТНО-QUEST» жобасы мәресіне жетті

ТАЛДЫҚОРҒАН – Жастардың басын біріктіріп, ұлттық құндылықтар мен тарихты дәріптеуге бағытталған ауқымды екі күндік «ЭТНО-QUEST» жобасы Жетісу өңірінде сәтті аяқталды. Тартысқа толы сайыс қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау салтанатты рәсімі өтті.

Жоба барысында 16–25 жас аралығындағы белсенді жастар тарих, салт-дәстүр, ұлттық құндылықтар және қоғамдық келісім тақырыптарындағы зияткерлік әрі танымдық тапсырмаларды орындап, өз білімдері мен ұйымшылдықтарын паш етті. Әр түрлі этнос өкілдерінің бір командада тізе қосып өнер көрсетуі шынайы достық пен татулықтың жарқын үлгісіне айналды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер

Қызықты тапсырмалар мен логикалық сынақтарға толы квест қорытындысы бойынша командалардың жинаған ұпайлары төмендегідей бөлініп, үздіктер анықталды:

  • 🥉 III орын: «Шежіре» құрамасы – 48 балл;
  • 🥈 II орын: «Өркениет» құрамасы – 54 балл;
  • 🥇 I орын: «Көшпенділер» құрамасы – 55 балл.

Жүрекжарды тілектер мен марапаттау

Сайыс соңында қатысушыларды «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы Айдос Назкенұлы Игенбай арнайы құттықтап, жастардың ел бірлігін нығайтудағы белсенділігіне жоғары баға берді және жүрекжарды лебізін білдірді.

«Мұндай жобалар жастардың өзара байланысын нығайтып қана қоймай, ұлттық мұрамызды терең түсінуге жол ашады. Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс айта отырып, жеңімпаздарға жаңа белестер мен толағай табыстар тілейміз!», – деді мекеме басшысы.

Пікір қалдырыңыз