«Сөздің анасы-сәлемдесу»-деген асыл сөз бар. Сәлемдесу мәдениет, әдебі өзіңнен бастау алатыны сыйластық әлемі. Яғни адамдардың бір-біріне деген құрметі.
Шыңғыс Айтматов: «Адамға ең қиыны-күн сайын адам болып қалуы»-деген екен. Күн сайын тәубаңа келіп басың аман, зор денсаулықпен Аллаға шүкіршілік айтып таңды атыру өзіңе берген сәлемің, бақытты ғұмырың…
Міне осылай әрбір адамның әдеп, мәдениеттілігі өз әлемінен өз қасиет, адал ниетінен көрініп тұратынын өмір паш етіп келеді.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Көпшілікке азаматтардың жүріс-тұрысының жаңа мәдениетін қалыптастыру, ұлттық әдепті жаңғырту және тазалық пен тәртіпті күнделікті өмір салттарына айналдыру мәселесіне қатысты өзінің пікірін білдірді. Бұл іске өзім бастамшы болдым. Науқанға емес, нақты іске. Өйткені жастардың, егде адамдардың жүріс-тұрысына қарап, байырғы дәстүрлі құндылықтарымызға оралу қажет деген шешімге келдім.
Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы, сәлемдесу барысында әйелдер еркектерді, еркектер әйелдерді бетінен сүюі дұрыс емес.
Біздің салт-дәстүрімізде мұндай ешқашан болмаған.
Ер адамдар қол алысып, нық амандасуын, ерекше қуанышты болса, оң қолын кеудесіне қойып сәлемдесуге болатынын айтты.
Жалпы, бізге тазалық, тәртіп мәдениетін дәріптеу керек.
Біз өңір басшыларына жоғары талап қойдық. Осы іспен біз, түпкілікті айналысамыз»- деді.
Президентіміздің бұл көрегендігі ел көлемінде «Сәлем-түзелмей, әркімнің өз әлемі түзелмейді» дегенге саятыны өмір шындығы.
Ата бабаларымыз жылдың басы наурыз айы келгенде «Айдан аман, жылдан есен шықтық» деп төс қағыстырып амандасатын.
Ал әйел жұрты, әсіресе келіндер ара қашықтықта сәлем салуы инабаттылықтың ізгілігі еді.
Міне уақыт талабы, мәдениетті өркендеудің ұлы жолында әрбір ұлт-ұлыстар өзінің салт дәстүр ғұрпын өз ниет, қасиеттерімен ұрпақ сабақтастығы етіп жалғай алса ғана табиғат заңдылығы бойынша бейбіт өмірдің тұрақты ынтымақтастығы, береке бірлік татулығы жаңа дәуір, заманға сай қалыптасып әлем елдерінің тыныштығына үлес салмақтарын үйлесімді қосар еді десек болар.
Себебі соңғы 100 жылға жуық уақытта ұлтымыз өзінің ұлылық қасиеті мен ұлт құндылықтарын жоғалту қасіретін аз кешкен жоқ.
Ұлт құндылығы,ұлттық идеология деген үрдіс күнделікті өмірде аса көзге түсіп көріне бермегенімен уақыт, жылдар өте келе кемелдік қасиет тұғырынан ажырап өзге сипатқа еніп кететінін өмір деген ұстаз өзі дәлелдеп келеді.
Бұл үрдіске әр дәуірдің билік жүйесі ерекше әсер ететінін көре білген мемлекет басшымыз міне бұл мәселені халыққа ашық алаң диалогында айтып арылудың ең басты жолдарын көрсетіп тиісті адамдарға, қазақ қоғамына өте өзекті ой салғанын адамдар өз ниет, қабілет, қарымына қарай талқылап қолдау көрсетіп, сабақ алып жатқаны қазақтың қазақи құндылығы, ұлт ұлылығы деп білеміз!
Кешегі өткен алғашқы құрылтай сайлауында Жетісулықтар үлгі өнеге көрсетіп ерекше белсенді ат салысқаны ел бірлігін паш еткен науқан болды.
Іске сәт, алты алашым!
Құрметбек Сансызбайұлы.
