Skip to content
Главная страница » «Халық бірлігі» форумы өтті

«Халық бірлігі» форумы өтті

2026 жылғы 27 шілдеде Талдықорған қаласындағы №8 орта мектепте «Қоғамдық келісім» КММ мен Жетісу облыстық «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің төрағасы А. Мучураевтың ұйымдастыруымен «Халық бірлігі» форумы өтті.

Форумға №8 орта мектептің оқушылары қатысып, қоғамдық келісім, этносаралық татулық, бірлік пен достық құндылықтары жөнінде мазмұнды пікір алмасты.

Іс-шара барысында жастарға Қазақстандағы бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің маңызы түсіндіріліп, өзара құрмет, толеранттылық және отансүйгіштік қағидалары кеңінен насихатталды.

Осындай кездесулер жас ұрпақтың ел бірлігін бағалайтын, қоғамдық келісімді нығайтуға үлес қосатын саналы азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.

Бірлік – берекенің бастауы, татулық – тұрақтылықтың кепілі!

Пікір қалдырыңыз