Skip to content
Главная страница » Күмбірлеген қазақ күйі: Жетісуда «Үздік жас домбырашы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Күмбірлеген қазақ күйі: Жетісуда «Үздік жас домбырашы» байқауының жеңімпаздары анықталды

Қазақ халқының қасиетті қара домбырасының үнін ардақтап, жас таланттарды қолдау мақсатында ұлттық мереке – Ұлттық домбыра күні қарсаңында облыстық деңгейде маңызды шара өтті. Жас өнерпаздардың басын қосқан «Үздік жас домбырашы» атты облыстық байқауы өз мәресіне жетіп, үздіктер марапатталды.

Өнер сайысы қазақтың күй өнерін насихаттап қана қоймай, жас буынның ұлттық мұраға деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталды.

Жас таланттардың өнері бағаланды

Байқау барысында қатысушылар өздерінің орындаушылық шеберліктерін көрсетіп, күрделі күйлерді төгілдіре орындады. Қазылар алқасы қатысушылардың техникалық шеберлігіне, сахна мәдениетіне және күйдің рухын жеткізе білу қабілетіне ерекше назар аударды. Тартысты бәсекенің қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

  • 3-орын: Ким Эмиль – 50 000 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды;
  • 2-орын: Махмутова Аделья – 100 000 теңге ақшалай сыйақы иеленді;
  • 1-орын: Матюшко Евгений – байқаудың бас жүлдесіне тағайындалған 150 000 теңге ақшалай сыйақыны қанжығасына байлады.

«Домбыра – қазақтың жаны. Жас жеткіншектердің бұл аспапты шебер меңгергені көз қуантады. Мұндай байқаулар ұлттык өнеріміздің өлмес рухын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін алтын көпір», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Пікір қалдырыңыз