Жетісу облысында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, цифрлық технологиялар арқылы құқықтық мәселелердің тиімді шешімдерін әзірлеуге бағытталған LAWTECH «Заң мен тәртіп» атты біркүндік хакатон өтті.Байқауға өңірдің мектеп және жоғарғы оқу орындарынан құралған 11 команда қатысып, құқық қорғау саласын жетілдіруге арналған тың жобаларын ұсынды. Қатысушылар азаматтардың құқықтық ақпаратқа қолжетімділігін арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыру бағыттарында өз идеяларын таныстырды.Хакатон қорытындысы бойынша үздік жобалар анықталып, жеңімпаз командалар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Главная страница » LAWTECH «Заң мен тәртіп» атты біркүндік хакатон өтті
LAWTECH «Заң мен тәртіп» атты біркүндік хакатон өтті
