Кеше Талдықорған қаласының жағалауында татар халқының дәстүрлі «Сабантуй» мейрамы жоғары деңгейде аталып өтті. «Бірлігіміз жарасқан» ұранымен өткен шара қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Іс-шара барысында:
Қатысушылар татар халқының мәдениетімен, әдет-ғұрпымен және ұлттық тағамдарымен жақынырақ танысты.

Қызықты ұлттық ойындар ұйымдастырылып, ептілік пен жылдамдықтан жарыстар өтті.
Мерекелік салтанатқа қала әкімі Ернат Дүйсебекұлы Бәзіл және «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Айдос Назкенұлы Игенбай қатысып, жылы лебіздерін білдірді.
Белсенді қатысушылар мен жарыс жеңімпаздары дипломдармен, алғыс хаттармен және сыйлықтармен марапатталды.
Бұл мереке – этносаралық келісім мен өзара түсіністіктің жарқын үлгісі болды. Осындай іс-шаралар арқылы біз бір-біріміздің мәдениетімізді құрметтеп, достығымызды нығайта түсеміз! 🤝
