
Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық жобасы аясында тазалау акциясы ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыру және жастардың экологиялық жауапкершілігін арттыру.
Іс-шараға Ассамблея жастарының 30 жас өкілі қатысып, ауыл аумағын тазалау жұмыстарына белсенді атсалысты. Осындай игі бастамалар табиғатты аялауға үндеп қана қоймай, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға зор үлес қосады.
🌱 Тазалық – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз!
