
“Open Air Dron Show” іс-шарасы аяқталғаннан кейін “Таза Қазақстан” жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы аясында тазалық акциясы ұйымдастырылды.
Акцияның басты мақсаты — әр азаматтың туған өлкенің қоршаған ортасына деген жауапкершілігін арттырып, тазалық пен ұқыптылықты күнделікті өмір салтына айналдыру.
🌳«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны тазарту мен абаттандыруға ғана бағытталған акция емес, ең алдымен қоғамның сана-сезімін жаңғыртуға үндейтін Жаңа Конституциямызға енгізілген маңызды идеологиялық бастама.
💚Көрікті орта — халықтың мәдениеті мен ортақ жауапкершілігінің көрінісі деп білеміз
